Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан нығайып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Фото: pexels.com

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,68 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450,04 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,80 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 450,5 теңге, сатып алу – 452,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу – 452 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92 – 5,07 теңгеден сатылуда.