Қор нарығында доллар қанша тұрады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,99 теңгеге өсіп, 476,75 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 473,40 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 472,00 теңгеден сатып алынады, 479,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 537,00 теңге, сату - 547,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,45 теңге, сату - 5,85 теңге.

- юань: сатып алу - 68,73 теңге, сату - 73,22 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 474,03 теңгеден сатып алынады, 476,83 теңгеден сатылады. Еуро 538,35 – 543,42 теңге, ал рубль 5,64 – 5,76 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,56 теңгеден сатып алынады, 71,17 теңгеден сатылады. 

Еске салайық, 27 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,58 теңгеге түсіп, 473,40 теңге болды.