Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,21 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 451,31 теңге.

Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 448,89 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 450,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 452,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңге, сатып алу құны– 454 теңге.

Ресей рублі 4,77 – 4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр.