Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,36 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 498,34 теңге.

Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы — 1 долларға 494,87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,91теңге. Еуро — 520,65.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501,3 теңге. Еуро 521,5 — 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 517 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 - 5,00 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.