KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,92 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448,01 теңге.
Ұлттық банктің 4 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5, 01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449,9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңге, сатып алу құны – 450 теңге.
Ресей рублі 4,94 - 5, 07 теңге аралығында саудаланып жатыр.