Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,91 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 456,99 теңге. Ұлттық банктегі ресми бағамы – 1 долларға 456,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 457,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 460,3 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу құны– 462 теңге. Ресей рублі 4,99 – 5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.