Қор нарығында доллар қымбаттады

Фото: pixabay.com.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Kazinform.   

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,82 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 457,44 теңге.

Ұлттық банктің 15 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,63 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,08 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 458,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 460,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңге, сатып алу құны– 460 теңге.

Ресей рублі 5,08 - 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.