Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,50 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448,64 теңге. Ұлттық банктің 5 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5, 05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450,9 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңге, сатып алу құны – 451 теңге. Ресей рублі 4,95 - 5, 05 теңге аралығында саудаланып жатыр.