Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,20 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449,98 теңге.

Ұлттық банкттің ресми бағамы – 1 долларға 449,74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,03 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 448,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,1 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны– 452 теңге.
Ресей рублі 4,95 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.