Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: Pexels

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,44 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 63 теңге.

Ұлттық банктің 29 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 481,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге. Еуро – 535,36.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 483,1 теңге. Еуро 534 – 537 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 483 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,17 – 5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы теңге бағамына қатысты пікір білдірген еді