KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,28 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479,44 теңге.
Ұлттық банктің 13 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 479,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,31 теңге. Еуро – 523,39.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 480,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,5 теңге. Еуро 524 – 527 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5, – 5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.