Қор нарығында доллар қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,40 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 478,54 теңге.
Ұлттық банктің 25 қыркүйектегі ресми бағамы — 1 долларға 478,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,18 теңге.
Еуро — 534,92.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479 теңге.
Еуро 532 — 536 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге.
Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,15 — 5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.