Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: Freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,92 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 482, 53 теңге.

Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 481,63 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. 

Еуро — 534, 46.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 483,5 теңге.

Еуро 533 — 536 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,19 — 5,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы теңге бағамына пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ 2 қыркүйекте АҚШ-тың қаржы нарығы еңбек күнін мерекелеуге байланысты жабылатыны белгілі болды.