Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,82 теңге түсіп, 450,79 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 456,89 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 447,00 теңгеден сатып алынады, 454,03 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу — 519,03 теңге, сату — 529,03 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,21 теңге, сату — 5,42 теңге.
- юань: сатып алу — 68,37 теңге, сату — 72,38 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 447,89 теңгеден сатып алынады, 450,60 теңгеден сатылады. Еуро 521,50 — 526,94 теңге, ал рубль 5,15 — 5,27 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,03 теңгеден сатып алынады, 70,38 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 9 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,5 теңге өсіп, 456,89 теңге болды.