Қор нарығында доллар неше теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,10 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 468,05 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 466,79 теңге, Ресей рубліне – 5,07 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 468,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 471,5 теңге.

Ал Астана қаласында 468 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 472 теңге.
Ресей рублі 5 – 5,15 теңге аралығында құбылып тұр.