Қор нарығында доллар сәл арзандады

Фото: freepik

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,35 теңгеге арзандап, 541,82 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 543,24 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,60 теңгеден сатып алынады, 541,95 теңгеден сатылады. Еуро 623,70 – 628,93 теңге, ал рубль 6,65 – 6,77 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 536,66 теңгеден сатып алынады, 543,66 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 619,51 теңге, сату - 629,49 теңге;

- рубль: сатып алу 6,64 теңге, сату - 6,75 теңге.

Еске салайық, таңертең ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы қандай болғанын жазғанбыз.