Қор нарығында доллар сәл арзандады

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,60 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 458,1 теңге, сатып алу – 460, 7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 458 теңгеден болса, сатып алу – 463 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,23 – 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,1 – 5,35 теңгеден сатылып жатыр.

Бұған дейін қаржы сарапшысы Зарина Скрипченко теңге бағамының күрт құлдырауына не себеп болғанын түсіндірген болатын.