Қор нарығында доллар саудасы өсіммен аяқталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,06 теңгеге өсіп, 453,93 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 448,94 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 449,00 теңгеден сатып алынады, 456,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 501,88 теңге, сату — 511,89 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,17 теңге, сату — 5,37 теңге.
— юань: сатып алу — 65,95 теңге, сату — 70,34 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 453,84 теңгеден сатып алынады, 456,04 теңгеден сатылады. Еуро 507,65 — 512,62 теңге, ал 5,14 — 5,25 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 66,46 теңгеден сатып алынады, 69,06 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 8 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге өсіп, 448,94 теңге болды.