KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,16 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 474,57 теңге.
Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 474,71 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,54 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 474,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 475,9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 472,02 теңге, сатып алу құны — 477,01 теңге.
Ресей рублі 5,39 — 5,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.