KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,87 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 454,56 теңге. Ұлттық банктегі ресми бағамы – 1 долларға 453,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 456,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 459,5 теңге. Астана қаласы бойынша сату бағамы – 455 теңге, сатып алу құны– 459 теңге. Ресей рублі 4,89 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.