Қор нарығында доллар шамалы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,19 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 482, 74 теңге.
Ұлттық банктің 3 қыркүйектегі тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 482,53 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге.
Еуро — 533,77.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 485,5 теңге.
Еуро 533 — 535 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,29 — 5,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы теңге бағамына пікір білдірген еді.