Қор нарығында доллар тағы 4 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,76 теңгеге түсіп, 474,47 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 479,26 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 472,89 теңгеден сатып алынады, 479,89 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 541,77 теңге, сату — 551,50 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,70 теңге, сату — 6,00 теңге.
— юань: сатып алу — 69,27 теңге, сату — 74,21 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 474,87 теңгеден сатып алынады, 477,23 теңгеден сатылады. Еуро 540,84 — 546,84 теңге, ал рубль 5,87 — 6,01 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,22 теңгеден сатып алынады, 73,58 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 1 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге түсіп, 479,26 теңге болды.