Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,57 теңгеге түсіп, 467,65 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 469,59 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 466,00 теңгеден сатып алынады, 473,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 530,00 теңге, сату - 540,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,50 теңге, сату - 5,80 теңге.
- юань: сатып алу - 68,92 теңге, сату - 73,60 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,93 теңгеден сатып алынады, 469,71 теңгеден сатылады. Еуро 533,44 – 538,70 теңге, ал рубль 5,61 – 5,75 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,70 теңгеден сатып алынады, 71,24 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 21 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,73 теңгеге түсіп, 469,59 теңге болды.