Қор нарығында доллар тағы арзандады

Фото: Рixabay

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,69 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 456,52 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 456,9 теңге, сатып алу – 459,3 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,5 теңгеден болса, сатып алу – 458,5 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 5,02 – 5,17 теңге аралығында,  Астанада көрші ел валютасы 5,04 – 5,09 теңгеден саудаланып жатыр.