Қор нарығында доллар тағы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,58 теңгеге түсіп, 461,39 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 463,97 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 459,00 теңгеден сатып алынады, 466,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 530 теңге, сату - 540,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,12 теңге, сату - 5,42 теңге.

- юань: сатып алу - 68,74 теңге, сату - 72,88 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 462,17 теңгеден сатып алынады, 464,10 теңгеден сатылады. Еуро 532,20 – 537,30 теңге, ал рубль 5,16 – 5,32 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,59 теңгеден сатып алынады, 71,04 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,07 теңгеге түсіп, 463,97 теңге болды.