Қор нарығында доллар тағы арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform/ Canva https://www.inform.kz/ru/dollar-prodolzhaet-ukreplyatsya-po-otnosheniyu-k-tenge-15a7d7

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,8 теңгеге түсіп, 486,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 487,01 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 483,00 теңгеден сатып алынады, 490,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 553,04 теңге, сату — 563,04 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,17 теңге, сату — 6,47 теңге.
— юань: сатып алу — 69,23 теңге, сату — 74,21 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 486,47 теңгеден сатып алынады, 488,83 теңгеден сатылады. Еуро 555,28 — 560,25 теңге, ал рубль 6,24 — 6,38 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,60 теңгеден сатып алынады, 74,06 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 22 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,17 теңгеге түсіп, 487,01 теңге болды.