Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,66 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 479,23 теңге.

Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы — 1 долларға 478,54 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге.

Еуро — 533,76.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,7 теңге.

Еуро 533 — 537 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге.

Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,10— 5,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.