KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,49 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 459,69 теңге.
Ұлттық банктегі ресми бағамы – 1 долларға 456,99 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,97 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 458,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 460,7 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңге, сатып алу құны– 461,5 теңге.
Ресей рублі 4,99 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.