KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,83 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444,79 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 442, 85 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,94 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 445,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446,2 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны – 448 теңге.
Ресей рублі 4,88 – 4,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.