Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандады

Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге арзандап, 538,33 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,57 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,85 теңгеден сатып алынады, 540,72 теңгеден сатылады. Еуро 626,47 — 630,28 теңге, ал рубль 6,63 — 6,74 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 536,57 теңгеден сатып алынады, 543,57 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 623,63 теңге, сату — 633,63 теңге;
— рубль: сатып алу 6,66 теңге, сату — 6,77 теңге.

Еске салайық, 19 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,27 теңгеге арзандап, 538,57 теңге болды.