Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,50 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы — 1 доллар үшін 456, 22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 456,1 теңге, сатып алу — 458,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 456 теңгеден болса, сатып алу — 457,5

Алматыда Ресей рублі 4,91 — 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 — 5,03 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, қор нарығында доллар дүйсенбіден бері арзандап жатыр.