Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,33 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478,58 теңге.

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477,03 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,43 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,7 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны – 480 теңге.

Ресей рублі 5,33 – 5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр.