Қор нарығында теңге күшейіп, доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге арзандап, 537,75 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,33 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,16 теңгеден сатып алынады, 540,05 теңгеден сатылады. Еуро 625,37 – 629,59 теңге, ал рубль 6,63 – 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 535,51 теңгеден сатып алынады, 542,51 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 622,52 теңге, сату - 632,52 теңге;
- рубль: сатып алу 6,67 теңге, сату - 6,78 теңге.
Еске салайық, 20 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге арзандап, 538,33 теңге болды.