Қор нарығында ұлттық валюта нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге түсіп, 485,40 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 487,02 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 482,00 теңгеден сатып алынады, 489,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 549,00 теңге, сату — 559,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,10 теңге, сату — 6,40 теңге.
— юань: сатып алу — 69,30 теңге, сату — 74,29 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 485,19 теңгеден сатып алынады, 487,06 теңгеден сатылады. Еуро 550,99 — 556,30 теңге, ал рубль 6,08 — 6,24 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,73 теңгеден сатып алынады, 74,24 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 24 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,86 теңгеге өсіп, 487,02 теңге болды.