KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5, 75 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 470, 90 теңге.
Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 469 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 465,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 468 теңге.
Айта кетейік, қор нарығында төртінші күн қатарынан доллар мен рубль қымбаттап жатыр.