Қор нарығында доллар 1,14 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,14 теңгеге көтерілді.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 469,18 теңге.

Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,24 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469 теңгеден болса, сатып алу құны – 472,5 теңге.

Ресей рублі 6,6 - 6,72 теңге аралығында саудаланып жатыр.