Қор нарығында доллар 2,44 теңгеге қымбаттады
15:47, 01 Тамыз 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,44 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479, 51 теңге.
Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477,09 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 478,50 теңге, сатып алу – 483 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу құны – 480 теңге.
Ресей рублі 7,15 - 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.