Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар – 443,84 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,79 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңгеден болса, сатып алу – 448.
Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал Астанада көрші ел валютасы 4,90 - 5,08 теңге аралығында сатылымда.