АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 тамыз кешімен салыстырғанда 3,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 79 теңге болды.
Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 51 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474, 5 теңгеден болса, сатып алу – 479
Ресей рублі 7,35- 7,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.