KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,07 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 33 теңге.
Ұлттық банктің 6 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 469, 17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 476 теңге.
Ресей рублі 7,28 - 7, 38 теңге аралығында саудаланып жатыр.