Қор нарығында доллар 442,17 теңге болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 442,17 теңге.

Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 438,43 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 440,98 теңге, сатып алу – 445,60 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 442,86 теңгеден болса, сатып алу құны – 445,50 теңге.