АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде демалыс күндермен салыстырғанда доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462,5 - 465 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 463 - 467 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 466, 44 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,30 – 8,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.