АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы жұма, 22 шілденің кешімен салыстырғанда 7,38 теңгеге төмендеп, 1 доллар 475, 92 теңге болды.
Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 483, 88 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағасы – 483 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 476 теңге, сатып алу – 481 теңге.
Ресей рублі 7,3 - 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.