KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,66 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447, 32 теңге.
Ұлттық банктің 12 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 62 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңге, сатып алу құны– 450 теңге.
Ресей рублі 5, 29 - 5, 53 теңге аралығында саудаланып жатыр.