Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450, 79 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 452, 39 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452 теңге, сатып алу – 456 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу – 453.
Ресей рублі 6 – 6,3 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар мен рубль өткен аптадан бері арзандап жатыр.