Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1, 16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 451, 17 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 452, 43 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 450 теңге, сатып алу – 453,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449,7 теңгеден болса, сатып алу – 452,7
Ресей рублі 5,95 – 6,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 6,05 - 6,14 теңгеден сатылып жатыр.