Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,75 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,62 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461, 10 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,5 теңгеден болса, сатып алу – 465,5.
Ресей рубльі 6,25 – 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 27 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,74 теңге болды.