Қор нарығында доллар бағамы 460 теңгеден асты
15:53, 16 Қаңтар 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 462, 69 теңге.
Ұлттық банктің 16 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 29 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,87 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 464,5 теңге.
Ресей рублі 6,57 - 6, 67 теңге аралығында саудаланып жатыр.