KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,96 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 463, 60 теңге.
Ұлттық банктің 3 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 460, 56 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 469,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 466 теңгеден болса, сатып алу құны – 468 теңге.
Ресей рублі 7,25 - 7, 31 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы екінші қараша күні 5,24 теңгеге төмендеген болатын.