АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 маусым кешімен салыстырғанда доллар 0,19 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 426, 50 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 426, 31 теңге сатылса, ал сатып алу - 427, 85 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 426, 07 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 427, 15 теңге.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.